МТРА жаңалықтары

2015 жылы “Основание” ЖШС 3 тұрғын үйді қолданысқа бермек

Ринат Сайдашев – “Основание” ЖШС тас қалаушысы

– Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатын салып жатырмыз. Бұл шаруаны тындырған соң, баспананың шатырын жабатын боламыз. Құрылысқа қажетті материалдар жеткілікті. Сапалы орындау үшін бар білігімізді қолданудамыз.

“Береке” ықшам ауданындағы Дусухамбетов қысқа көшесіндегі бұл 93 пәтерлі баспананы “Основание” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары көтеруде. Бас мердігер – құрылысты өткен жылдың маусымында бастаған. Тұрғын үйді көтеруге қажетті құрылыс материалдарын серіктестік өзі шығарады. Жалпы баспананың бой көтеруіне 70 шақты жұмысшы тартылған.

Сергей Тимофеев – “Основание” ЖШС директоры

– Өткен жылғы барлық жоспарды уақытымен орындадық. Береке ауданындағы мына 93 пәтерлi жалдамалы коммуналдық баспана құрылысы бітуге шақ қалды. Негiзiнен, үкiмет тапсырысын орындап жатырмыз. Бұл үйден өзге, “Береке” ықшам ауданында жас отбасыларға арналған 15 пәтерлі екіқабатты үй мен 100 пәтерлі жатақхананың құрылысын жүргізіп жатырмыз. Екі нысанды да жыл соңына таман тұрғындарға тапсырмақ ниеттеміз.

Құрылыс саласында ойып тұрып орын алған “Основание” ЖШС-iнің ұжымы 20 жылда 10-нан астам баспананы салған. Жобалардың денi “Қолжетiмдi баспана-2020” мемлекеттiк бағдарламасы аясында жүзеге асыпты.

 

 

Бакыт Садуакасов.