Балалар

Балабақшадағы бөбектер рәміздер күнін тойлады

Биқанов Даниял: “Батыр” бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі.

– Бүгін Қазақстан республикасының рәміздер күні. Олар – елтаңба, әнұран, ту. Мен өз рәміздеріммен мақтанамын.

Роман Насыров, “Батыр” бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі.

– Көк ту – көгіміздегі ашық аспанды білдіреді.

Балғындардың тәрбиешілері де жас ұрпақ балабақша қабырғасынан өз елінің рәміздерін біліп, олардың мән-мағынасын ұғынып, авторларын жатқа білуі керек деп санайды.

Ажар Темірболатова, “Батыр” бөбекжай-балабақшасының әдіскері.

– Ең алдымен мемлекеттік рәміздерді біз үлкендер өз бойымызға сіңіру керекпіз, содан соң барып балаларға үйретуіміз керек деп ойлаймын. Мектепке лейінгі жапстағы балаларға әнұран, ту, елтаңба жайлы түсінікті түрде түсіндіреміз.

Бүгінде “Батыр” балғындар бақшасында 300-ден артық бала тәрбие алуда.

Акбопе Танирберген.