Білім

Солтүстікқазақстандық түлектер білімдерін дәлелдеуде

Оның бірі Саумалкөл ауылында, екіншісі Новоишим селосында орналасқан. Мемлекеттік емтиханның нәтижесі бойынша Тимирязев, Ғ.Мүсірепов аудандарының орташа баллы 81-ді құрады. Ал Айыртау ауданы олардан 71 ұпаймен сәл артта қалды. Білім ошақтарының арасында да үздіктері анықталды.

Ең жоғары көрсеткіш, яғни орташа 109 баллмен Тимирязев ауданындағы Мичурин орта мектебінің оқушылары көш бастады. Айыртау ауданындағы Заря орта мектебінің түлектері орташа 97,7 баллмен 2-ші орынға жайғасты. Сонымен қатар маусымның 2-сі Петропавл қаласында өткізілген ҰБТ-дің қорытындысы белгілі болды. Нақтыланған мәлімет бойынша петропавлдық түлектер орташа 81,98 ұпайға қол жеткізіпті.