МТРА жаңалықтары

Петропавлда мемлекеттік қызметкерлер аймақтық қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсынан өтуде

Мәрияш Қонысбай, Жамбыл ауданы Благовещенка селолық округі әкімшілігінің бас есепшісі.

-Есепшілер үшін пайдасы зор. Өйткені біз 2010-шы жылдан бастап халықаралық стандартқа сай қызмет түріне көшкен болатынбыз. Осыдан алған білімімізді өзіміздің қызметімізде пайдаланамыз. Маңызы өте зор.

Ал Тұрмыс Иманжанов болса, Благовещенка селолық округының әкімі. Ол қызмет атқарған 6 жылда орталықтың бірде-бір дәрісін қалт жібермепті. Мемлекеттік қызметші – жыл сайын өзіне берілген тақырып төңірегінде арнайы жоба да жазады.

Тұрмыс Иманжанов, Жамбыл ауданы Благовещенка селолық округінің әкімі.

-Округта шешілмеген мәселелер болса осында мұғалімдермен түсініктеме беріп, қызметте оның пайдасы мен жақсылығы тиеді. Биылғы тақырыбымыз «Өз селолық округымның көркейіуі» туралы. Соны 2 жеті қорғап тапсырамын.

Өткен жылы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 1400 адам оқытылған.

Татьяна Лебедева, СҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру аймақтық орталығының директоры.

-Аймақтық орталықта жыл сайын 2000-ға жуық мемлекеттік қызметші білім алады. Оның 900-ге жуығы біліктілін арттырса, қалған 500-600 маман қайта даярлау курсынан өтеді. Дәрістер негізінен 40,80,130 сағаттық бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Есепшілер – 40 сағат, әкімдер – 80 сағаттық курстан өткеннен кейін арнайы сертификаттарға ие болады.

 

 

Акбопе Танирберген.