Спорт

Петропавлдық желаяқ бірінші Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

Лада Фомина- жасөспірімдер арасында бірінші Азия чемпионатының қола жүлдегері.

-Бірінші рет мұндай алысқа ұшып бақ сынадым. Алғашында қобалжу болды. Менімен бірге сынға түскен қарсыластарымның барлығы мықты. Олар жоғарғы дәрежедегі жарыстарға қатысып үлгерген. Өзімнің көрсеткен нәтижеме қуаныштымын. Енді алдағы жарыстарға дайындалып жатырмын.

Бүгінде Лада облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы. Спорт шеберіне үміткер Лада жоғарғы дәрежедегі бапкер Анатолий Бычаевтың қарамағында жаттығады.

Анатолий Бычаев – жеңіл атлетикадан жоғарғы дәрежедегі жаттықтырушы.

 

-Лада өте еңбекқор қыз. Тыңғылықты жаттығулардың арқасында жетістіктерге жетіп жүр. Бірінші Азия біріншілігінде алған қоласынан бөлек, биыл Лада Қазақстан чемпионы атанды. Мен оның болашағына сенемін.

Желаяқ қыз шілде айында Колумбияда өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатыспақ.