МТРА жаңалықтары

Петропавлда 2 шенді парамен ұсталды

Аталған басқарманың бастығы студентттің әскери кафедрада оқуға жарамды деп танылуы үшін азаматтық тұлғалардан құралған делдалдар арқылы 1 мың АҚШ долларын талап еткен. Қазіргі уақытта пара алу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мамырдың 31-і күні Петропавл гарнизонының әскери прокуроры күдіктіге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Сондай-ақ, қалалық сот Петропавл қаласы станциясындағы желілік ішкі істер бөліміндегі әкімшілік полиция бөлімінің бастығын айыпты деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар 1 млн теңге шамасында айыппұл тағайындады. Бұл адамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ресейлік кәсіпкерден алкоголь өнімдерін жеткізу барысында қолдау таныту үшін пара алып жатқан жерінде ұстаған.

 

Данаш Хамзина.