Денсаулық сақтау

Облыстық қан орталығында республикалық эстафеталық акция ұйымдастырылды

Одан соң, қызметкерлер бірінші қабатта сауалнама толтырып, тіркеу орнында ұзын сонар кезекке тұруда. Саусақтан қан тапсырып, терапевт кабинетінен мүдірмей өткен, денсаулығында ешбір кінәраты жоқ қызметкерлер кейін қан тапсыру бөлмесіне бағыт алды. Жалпы аталмыш ведомство басшылығы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру мақсатында – осындай акцияларға жиі қатысып тұрады.

Шыңғыс Қабдула – ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы.

-Бүгін облыстық қан орталығына департаменттің 50 мемлекеттік қызметшісі бір үйдің баласындай қан тапсыруға келіп отыр. Негізгі мақсатымыз – Петропавл қаласы мен облыс аудандарындағы мемлекеттік сала мамандарын қайырымды шараға ат салысуға шақыру. Өйткені, кез-келген адамның тапсырған қаны – біреулердің өміріне араша түсуі мүмкін.

Осылайша, эстафеталық акцияны өткізушілер орталыққа 50 литрдей қан өткізді.

 

 

Бакыт Садуакасов.