МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Шексіз балалық шақ” атты фестиваль өтті

Сұраған Көпеев – СҚО ІІД ардагерлер кеңесінің өкілі.

-Бұндай байқауды біз бірінші рет ұйымдастырып отырмыз. Концертте қызметкерлеріміздің балалары өнер көрсетеді. Бүлдіршіндер ата-аналарының қиын маман иесі екенін түсінсе дейміз. Олар таңнан кешке дейін тұрғындардың тыныштығын ойлайды ғой.

Апалы-інілі Сағандықовтар да бұл фестивальден қалыс қалмады.

Концертте 20-ға жуық бүлдіршін ән айтып, би биледі. Түрлі аспаптарда ойнап, өлең де оқыды. Анель мен Батырхан ата-аналарының қиын мамандықты игергендігін біледі. Сондықтан, олар оқуда озат атанып, достарына үлгі болуға тырысады.

Анель Сағандықова – байқауға қатысушы.

-Менің ата-анам полицияда жұмыс істейді. Анамның және әкемнің жұмысы өте қиын. Сахнаға мен мақтанышпен шығамын. Бүгінгі мерекеде мен ән саламын.

Шара соңында байқауға қатысушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

 

 

Айгерим Ержанова.