Ауыл шаруашылығы

Өңір диқандары көктемгі дала жұмыстарын жалғастыруда

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының берген мәліметіне қарағанда, өңірде 1 миллион 686 мың гектар алқапқа ырыс дәні сіңіріліпті. Егістіктің 37 пайызына дәнді-дақылдар себілсе, 60 пайызына майлы тұқымдастар егілген.

Мұнымен бірге, облыстағы шаруалар қауымы көкеніс егу жұмыстарын да жалғастыруда. Ал, картоп отырғызу аяқталуға таяп қалды.