Қайырымдылық

СҚО іскер әйелдер қауымдастығы петропавлдық көпбалалы отбасыларды келе жатқан мерекемен құттықтады

Бахытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты.

-Бүгін біз 35 балаға арнап игі шара ұйымдастырып отырмыз. Оларға түрлі сыйлықтар беріп, бір қуантып қалмақпыз.

Бүгінгі шараға қатысушылардың қатарында Сәуле Кабдулманова да бар. Нәзік жанды 7 баланың анасы. Қазір ол облыс орталығында өз отбасысымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып келеді екен. 40 жастағы ана осындай қолдау шаралар мен көмектерге ризашылығын айтуда.

Сәуле Кабдулманова – көпбалалы ана.

-Осындай қолдау көрсетіп, бізге көмектесіп отырған жандарға алғысымды айтамын. Бұл біз үшін үлкен қолдау. Жаз айындағы алғашқы мейрамға арнап игі шара ұйымдастырылып жатыр. Оған біз өте қуаныштымыз.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңындағы мереке барысында жасөспірімдерге арнап дастарханда жайылды. Балалар дәмі тіл үйірер тәтті тағамдар мен бауырсақтан дәм татып, би биледі. Жалпы бүлдіршіндер ұйымдастырылған шараға көңілдері толғандарын айтады.

Дарья Геберт.

-Маған бұл мейрам ұнайды. Біз мұнда ойын ойнап, биледік.

Нигора Велижанская.

-Мереке көңілімізден шықты. Бвалалармен танысып, уақытымызды қызықты өткіздік.

Кездесу соңында көпбалалы отбасыларға іші киім-кешек пен ойыншықтарға толы қолдорба сыйға тартты.

 

 

Риат Шони.