МТРА жаңалықтары

СҚО әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті

Елена Балло- Петропавл қаласы әкімінің орынбасары.

-Биылғы жылы біз бұл бағытта бірталай іс тындырдық. Ең алдымен жастар арасында түрлі кездесулер өткізіп, олардың дүниетанымын кеңейтудеміз. Осы жылы әскерге кететін жастарға да діни ахуал туралы дәріс ұйымдастырдық. Өйткені олардың қандай ортаға түсетіні белгісіз ғой. Діни қызметкерлер мектептерде де шараларды көптеп ұйымдастырды.

Сондай-ақ басқосуда конфессияаралық және этникааралық келісімді нығайту жайы да сөз болды.

Владимир- Петропавл және Булаев епархиясының епископы.

-Ең алдымен, дінаралық түсіністікті дінбасылардың сыйластығынан көруге болады. Өз дінін құрметтейтін адам, өзгенің де ұстанымын құп көреді. Сондықтан, біз үнемі келушілерімізге еліміздегі тұрақтылық пен дамудың кепілі діндердің достығына байланысты деп түсіндіреміз. Оны барлық солтүстікқазақстандықтар түсінеді деген ойдамын.

Кейінгі ұрпаққа рухани тәрбие беріп, жастардың діни сауатын ашу үшін өңірде жағдай бар. Бұл ретте жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова оқу орындарымен де тығыз жұмыстар жасалу керектігін айтты.

 

 

 

Магжан Ахмадина.