МТРА жаңалықтары

“Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” филиалында ашық есік күні өтті

Қазбек Аубакиров – салымшы.

-Мен бұл банкке 2012 жылы жүгіндім. Отбасымның бүкіл мүшелері жинақ келісім шартына отырған. Сәйкесінше мемлекет тарапынан берілетін 20 пайыздық сыйақыны да алудамыз. Менің ойымша, бұл баспаналы болудың ең тиімді жолдарының бірі. Бұйыртса 60 шаршы метрді құрайтын 2 бөлмелі пәтер иесі атанбақпын. Бұл жердегі қызмет көрсету деңгейі де жоғары.

Сонымен қатар, бүгін бұл банкте ашық есік күні де өтуде. Мұндағы қызметкерлер азаматтардың барлығын қабылдауда. Өз сұрағына жауабын таппай кеткен клиент жоқ,- дейді мамандар.

Әмір Нұрмұқанов – “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ филиалының сауда дамыту секторының меңгерушісі.

-Бүгін “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” филиалында ашық есік күні өтуде. Жылына бір рет өтетін бұл күннің ерекшелігі, бізге келген азаматтардың барлығы да тікелей директормен сөйлесіп, кез келген қызметкерден өзіне керекті ақпаратты ала алады. Сонымен қатар, мұнда келушілер бауырсақтан дәм татып, шәй ішіп кетулеріне болады. Бұл жылдағы дәстүр.

Бұл банктің салымшылары еліміздің кез-келген қаласынан пәтер ала алады. Сондай-ақ, олар жер сатып алу, жөндеу жұмыстарын жүргізу және үй салу мүмкіндігіне ие болады – дейді филиал директоры Райхан Абдрахманова.

Райхан Абдрахманова – “Тұрғыни үй құрылыс жинақ банкі” АҚ филиалының директоры.

-“Тұрғыни үй құрылыс жинақ банкі” арқылы баспаналы болу өте тиімді әрі жылдам. Құжат небәрі 3 күн ішінде қарастырылады. Сонымен қатар, бізде түрлі акциялар да жиі өтіп тұрады. Бүгінде бізде депозитті толықтырғаны үшін бонус акциясы жүруде. Егерде салымшы жаңа шот ашып, келісім шартта көрсетілген соманың бірден 5 пайзын салса, онда комиссияның 50 пайызын төлеуден босатылады. Ал егер 10 пайызын салған жағдайда, комиссияны мүлдем төлемейді.

Жыл басынан аталмыш банк қызметкерлері 4 миллиард бір жүз мың теңге көлемінде 2214 келісім шарт жасаған. Сонымен қатар, бір миллиард жеті жүз мың теңгені құрайтын 268 несие беріп үлгерген. Ал “Жас отбасы” бағдарламасы бойынша биыл 400 пәтер беру жоспарланған.

 

 

Айгерим Ержанова.