МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Құжаттар беру мен өңдеу және қабылдау орталығы” қызмет атқаруда

Наталья Гаврик, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

-Салықтық қызмет түрін тұтынушылар бұрындары кезек күтіп, уақыт жоғалтатын. Ол өте қолайсыз болды. Ал қазір “Электронды кезекке тұру” жүйесі қалыптасқан. Жаңа жүйе – мұндағы қызмет көрсету сапасын арттырып қана қоймай, келушілерге қолайлы қызмет көрсетуге жол ашты. Сонымен қатар, мамандардың көрсеткен қызмет сапасына тез арада сараптама жасай алатын болдық.

Орналасқан мына қос терминалдың бірі анықтамалық ақпарат алуға арналған. Ал екіншісі – келушілірдің салық қызметтерінің сапасын бағалауы үшін қойылған. Мына – диаграммадан тұтыныушылардың мұндағы қызмет түрлерін қалай бағалағанын көруге болады. Келушілердің – 82,2 %-ы толық қанағаттанарлық тетігін басса, 12,19 %-ының көңілі толмаған. Қалған 4.99 адам салық қызметінің сапасын жартылай қанағаттанарлық деп бағалапты.

Наталья Гаврик, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

-Өз ісін енді бастап жатқан жеке кәсіпкерлер немесе, салықтық сауаттылығын арттырам деушілерге – орталықта арнайы кеңес беретін мамандар бар. Әр жұманың бейсенбісінде – “Жеке кәсіпкердің алғашқы салықтық режімдері қандай” , “салықты қалай төлейді” немесе “салықтық есеп берудің түрлері” сынды сұрақтармен келемін деушілерге есік ашық.

Ал орталықтың екінші қабатында “Салық төлеуші терминалы” кабинетінде 19 компьютер орналасқан. Мұнда келген салық төлеушінің – өсімдерді, көлік салығын, патенттеуге байланысты салық түрлерін өз еркінше есептеуіне мүмкіндігі бар.

Александра Гребенькова салық төлеуші.

-Орталыққа құжаттарымды өзгерту керек болғасын келдім. Мұндағы маман бізді қабылдап, электронды терминалмен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндірді. Құжаттарымды жөндеп, тіпті тиісті жерге жіберу үшін де көмектесті. Бұрын таңертең келсек, кешке дейін кезегімізді күтетінбіз. Ал бүгін жұмысымда жарты сағатта тындырдым.

Қаңтардың 1-нен, Мамырдың 27-не дейінгі аралықта мұндағы қызметкерлер 44 мың 701 адамға қызмет көрсетіпті.

 

 

 

Акбопе Танирберген.