Құқық қорғау органдары

Петропавлда жасырын казино әшкереленді

Амангелді Иманғалиев – СҚО мемлекеттік кірістер департаментінің көлеңкелі экономикаға қарсы басқарма басшысы


– Ол жерден покер ойнауға арналған бір үстел, мыңнан атсам фишка, 5 ойын картасы мен казино шығындары туралы жазбалар табылды.

Қылмысты әшкерелеуде Мемлекеттік кірістер департаменті мен облыстық ІІД-і ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлесіп жұмыс атқарған. Сондай-ақ, жасырын казиноның заңсыз іс-әрекетін тоқтатуға “Арлан” арнайы жасағы да пайдаланылған.
Өткен жылы да заңсыз ойынды құмартқандар дәл осы жерде құрықталған болатын.

Амангелді Иманғалиев – СҚО мемлекеттік кірістер департаменті көлеңкелі экономикаға қарсы басқармасының басшысы

– Былтыр дәл осы нысанда заңсыз казино әшкереленді. Онда ғимарат иесі оқиғаға қатысы жоқ екендігін айтқан болатын. Ол өзіне қарасты мекемені жалға беріпті. Бұл жағдай биыл да қайталанып отыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Стажер.