Ауыл шаруашылығы

Облыста көктемгі егіс науқаны жүруде

 

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының 22-ші мамырға берген мәліметіне қарағанда, жалпы жұмыстың 13 пайызы еңсерілен. Бұл 540 мың гектар алқапты құрайды. Диқандар қауымы көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде аяқтауды көздеп отыр. Шаруалар себілуге тиісті жалпы алқаптың оннан бір бөлігіне ырыс дәнін сіңірген. Ол 331 мың гектарды құрайды. Ал майлы дақылдар 156 мың гектарға егілсе, 35 мыңына мал азығы себілді. Сонымен бірге, облыста 15 мың гектар аумаққа картоп егілген. Ал көкеніс 1,7 мың гектарға отырғызылыпты, бұл жоспарланған алқаптың 31 пайызын құрап отыр.

Бакыт Садуакасов.