Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау тиісті деңгейде жүзеге асуда

Дмитрий Шледевиц – “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ бас маманы

 

– Ағымдағы жылы “Құлан” жобасы бойынша 555 бас жылқы қаржыландырылды. Осы күнге дейін 529 өтініш оң шешімін тапты. Бағдарламаны, негізінен Айыртау ауданының фермерлері толықтай орындап отыр. Бұл көштен мүсіреповтік және ақжарлық шаруалар да қалыс қалып жатқан жоқ. Төрт түліктің асылы – жылқы малын күтіп-баптау аса қиын болмағандықтан, бұл кәсіппен мықтап айналысуға ден қойған жерлестеріміздің саны артып келеді.

Халқымыз “Мал өсірсең, қой өсір – өнімі оның көл көсір” дейді. Үстіміздегі жылы “Алтын асық” бағдарламасына жүгініп, ісін өрге домалатуға белін мықтап буған шаруалар да аз емес. Қазіргі таңда бағдарлама бойынша 1240 бас аналық қой сатып алынды. Оған қоса 42 етті бақыттағы асыл тұқымды қошқарлар сатып алуға қаржы бөлінген. Ата кәсіптің қарыштауына Мамлют ауданы айтарлықтай үлесін қосып келеді.

Дмитрий Шледевиц – “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ бас маманы

Қазіргі таңда 1855 бас аналық қой сатып алу туралы өтініш берушінің құжаттары қаралуда. Сонымен қатар, 30 бас аналықтарға 1 қошқар есебінен, тағы асыл тұқымды аталықтар сатып алынады. Осыған дейін 1240 қой басын сатып алу үшін несие берілді .

Үстіміздегі жылы қаржы ұйымы тағы бір жобаны іске қосқан. Тың бағдарлама – өзен-көлдерден алшақ жатқан ауылдық елді-мекендерде төрт-түлікті суаруға арналған. Қазірде аудандарда – жаңашылдыққа деген қызығушылықтың бары қазірден-ақ байқалып отыр. Жобаға екі ауданнан 3 компания қатысуға өтініш білдірді.

Дмитрий Шледевиц – “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ бас маманы

Өздеріңізге белгілі, облыстағы аудандардың ішінде Ақжар мен Уәлиханов аудандарында су қоймалар мен тоғандар өте сирек кездеседі. Сондықтан бұл аймақтарда төрт-түлікті суару күн тәртібінде өткір тұр. Егер де кәсіпкер жайылым суландыруға өтініш берсе, оның алған қаржысының 80 пайызын мемлекет бірден өтейді. Ал қалған сомманың 7 пайызы тағы да субсидияланады.

Қазіргі таңда ұйым егіс жұмыстарын несиелендіруде. Ағымдағы жылы облысқа 3 млрд. теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бүгінге дейін оның 1 млрд. 332 миллионы игеріліпті.

Дмитрий Шледевиц – “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ бас маманы

– Көктемгі дала жұмыстарына алынған заемды диқандар жыл соңына дейін несиелік серіктестіктерге 40 пайызын өтесе, ал қалған 60 пайызын келер 2016-шы жылдың 25-ші ақпанына дейін төлейді. Ал банк кепілі бойынша несие алу үшін егін себетін серіктестіктер алдымен екінші деңгейлі қаржы институттарына өтініш береді. Кейін өтініші қабылданса, біз көктемгі дала жұмыстарына керекті қаражатпен қамтамасыз етеміз.

Қор ұсынған бағдарламаның әлеуетін кез-келген шаруа пайдалана алады. Тек ол үшін заем алушының кепілге қоятын мүлкі болуы шарт.

 

 

Бакыт Садуакасов.