МТРА жаңалықтары

Қайта даярлау

Ольга Ермилова,

– Мұнда есепші мамандарын даярлап жатыр. Оқып жатқандардың дені мен сияқты, бұрын есепші болып қызмет атқарып, сол жұмысына қайта оралғысы келетіндер. Мұнда өткізетін 3 ай уақыт біз үшін бұрын атқарған қызметіміздің қыр-сырын қайта еске түсіруге жеткілікті. Мен 3 айға жуық оқып жатырмын. 3-і маусымда емтихан тапсыратын боламын.

Ал бұл бөлімдегі білім алушылар өз мамандықтарын тәжірибелік тұрғыда жетілдіруде. Олар бүгінгі сабақтарында – темір құбырды электродәнекер арқылы кесіп және қайта жалғап үйреніп жатыр. Қазіргі таңда дәнекерші мамандығына сұраныс бар, жалақысы да жоғары дейді – қайта даярлау курсының білім алушысы – Сергей Бакин.

Сергей Бакин,

– Мен газэлектрдәнекерлеуші мамандығына түстім. Наурыз айынан бастап білім алып жатырмын. Мұнда электрдәнекермен қалай жұмыс істейтінін үйрену үстіндеміз. Бұрын үй шаруасынан қолым босамағандықтан, еш жерде жұмыс істемедім. Мұннан 3-дәрежелі дәнекерлеуші деген сертификат алып шықпақпын. Сосын барып жұмысқа тұруға ниеттімін. Жұмыс табылады ғой, бұл мамандыққа сұраныс жиі туатынын да білемін.

Қазір қала бойынша мамандарды қайта даярлау 5 колледждің базасында жүзеге асуда.

Айдос Рахымғазиев, Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторының меңгерушісі.

– Ағымдағы жылы мамандарды қайта даярлау үшін 1 млн. 500 теңге бөлінген. Жылына 117 жұмыссыз азаматқа білім беру көзделген. Дәл қазір 86 адам білім алу үстінде.

Дәл қазіргі уақытта шаштараз және жүргізуші мамандықтарына өтінімдер қабылдануда. Үш ай көлемінде білімін жетілдірген тұрғындар қорытынды емтиханнан кейін сертификат иеленетін болады.

 

Акбопе Танирберген.