МТРА жаңалықтары

Дауылдың салдарынан облыс орталығында бірнеше нысанға зақым келді

8 шаршы метр аумақ бүлінген, дауыл желдеткіш дефлекторын да жұлып алған. Ол жол бойында кетіп бара жатқан автокөліктің үстіне келіп құлапты. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Ал шатырдың қаңылтырлары нысаннан 150 метр қашықтықта табылды. Айту керек, ботаникалық бақтың шатыры дауылдан осымен 8-мәрте жапа шегуде. Бұл күні дүлей жел Петропавл қаласындағы “Мергенов” жеке кәсіпкерлігінің техникалық қызмет көрсету орталығының екі қабатты нысанының жалпы ауданы 170 шаршы метр шатырын да ұшырып әкеткен деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


 

Риат Шони.