Жәнібек Наушабай, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің тыңдаушысы.
– Менің диссертациямның бағыты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты талдау» . Біз осы СҚО-да тәжірибеден өту барысында шетелдік озық үлгілерді Қазақстандық жағдайларда қалай енгізуге болатынан талқылаймыз. Сонымен қатар 3 ай шетелде алған тәжірибемізбен де бөлісеміз.
Мұнда жиылған үшінші сектор өкілдерінің магистрантарға қояр сұрақтары да молынан. Олар көкейдегі сауалдарына нақты жауаптарын ала алды.
АК-Ләйлек Жаукина, «Әлеуметтік технологиялар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
– Бүгін біз үшін пайдалы кездесу болды. Біздің спикерлер мемлекеттік қызметке байланысты тақырыпты жақсы аша алды. Біз үкіметтік емес ұйым жетекшілері, мемлекеттік қызметтің пайдаланушылары болып табыламыз. Бүгін көптеген дүниелерді естіп-білдік.
Қонақтар алдағы күндері Солтүстік Қазақстанның бірқатар аудандарын аралауды жоспарлап отыр.
Акбопе Танирберген