Роза Баттал, ҚР білім және ғылым Министрлігі мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарапшысы.
-Көп сын орыс тілінде оқытылатын мектептерге арналған қазақ тілі оқулықтарына айтылып жатыр. Жиында оқулық авторларын тыңдаймыз. Осында халықаралық ынтамақтастық ұйымының сарапшылары тренингтер өткізеді. Оқу бағдарламасына енгізіліп жатқан жаңалықтарды мұғалімдерге жеткіземіз.
Досжан Нұрсеитов қазір өзге ұлт өкілдері мен шетелдіктер мемлекеттік тілден сабақ алады. Мұғалім кез-келген тілді, соның ішінде қазақ тілін 2 аптаның ішінде меңгеріп шығуға болады деген тұжырымдасамын алға таруда. Бүгінде оның ғаламтордағы жеке сайтына 2000 тыңдаушы тіркелген. Қызығушылық танытқандардың санатында Ресей, Қытай, Ауғанстан елдерінің тұрғындары да бар.
Досжан Нұрсеитов, Имантау орта мектебінің мұғалімі, Айыртау ауданы.
-Алда ғаламтор арқылы тыңдаушыларға ағылшын, өзбек тілдерін үйретпек ойым бар.
Сондай-ақ, жиын барысында мұғалімдерге биыл мектеп бағдарласына енгізіліп жатқан бірқатар жаңашылдықтардан құлағдар болды. Бұл 2 күндік республикалық мәжіліс бұдан кейін секция, дөңгелек үстел отырыстарымен жалғасады.
Берик Касен