Спорт

Петропавлда спорттық акробатикадан ел чемпионаты өз жалауын көтерді

Андрей Ямпольский – жарыстың бас төрешісі.

– Жарыста барлығы 4 категория бар. Ең кішісі 16 жастан төменгілері. Ал үлкені 13-пен 19 жас аралығындағылар. Спорттық акробатикаға қатысушылар 3 жұптық және 2 топтық сында бақ сынайды. Спортшылардың жалпы жиыны 150-ден астам.

Кілемге алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласының акробаттары шықты. 4 жігіттің дайындағандары таңғаларлықтай. “Стульчик” деп аталатын композицияны спортшылар екі жыл бойы әзірлепті. Күрделі әдістерді акробаттар еркін орындаса да, қателіктерге бойы алдырдық дейді.

Нұрдос Әбілсейітұлы – жарысқа қатысушы, Шымкент қаласы.

– Қателіктер болды әрине. Бір әдісті жасаған кезде аяғымды дұрыс бүккен жоқпын.

Ал біздің қаланың намысын жұптық категорияда Александр Зотов пен Анастасия Бейсембаева қорғауда.

Асқан асулары молынан қос спортшы бұл жарыстың басты фавориттері. Бапкер қойған тапсырмаларды оңайлықпен орындап жатқан акробаттар қателікке бой алдырған жоқ. Александр Зотов өзінің әріптесін бір қолмен көтеріп, емін-еркін қиын жаттығуларды жасап шықты.

Александр Зотов – жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы.

– Бұл біздің ескі бағдарламамыз. Мұнымен Францияда әлем чемпионатына қатысқан болатынбыз. Қазір қайта даярлап, қиын әдістерін қосып жатырмыз. Чемпионатта жеңіске жетеміз деген үміттемін.

Сайыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және де грамоталармен марапатталады.

 

 

 

Риат Шони.