МТРА жаңалықтары

“Мамыр жұлдыздары” фестивалінің облыстық кезеңі өтті

“Мамыр жұлдыздары” фестиваліне қатысқан Шал ақын аудандық мәдениет үйінің ұжымы сахнада “Закаты алые” әнін орындады. Патриоттық сарындағы бұл туынды ҰОС-дағы Жеңістің 70 жылдығына арналып жазылған.

Нәзилә Бектенова, аудандық мәдениет үйінің директоры, Шал ақын ауданы

– Мұндай фестиваль келер ұрпаққа жақсы, ізгі ниет береді деп ойлаймын. Тәрбиелік мәні бар.

Өнер – бәріне ортақ. Сондықтан облыстық “Мамыр жұлдыздары” фестиваліне басқа саланың мамандары мен жас ерекшелігі әр түрлі адамдар қатысты.

Айбол Тәжібаев, “Мамыр жұлдыздары” фестиваліне қатысушы, ҚР ҰҰ ӘИ курсанты

– Өткен жылы қалалық “Мамыр жұлдыздары” байқауында бас жүлдені ұтып алдым. Биыл ҰОС Жеңістің 70 жылдығына байланысты бұл сайыс облыс көлемінде өткізіліп жатыр. Мұнда сайыстың шарты бойынша әскери-патриоттық әндер таңдалуы тиіс.

Алтынкен Көшекбаев, “Мамыр жұлдыздары” фестиваліне қатысушы, Айыртау ауданы

 

– Мұндай мерекелік фестивал, байқауларға қатысып жүргеніме 8 жылдан артық. Мен өзім халық әндерін және патриоттық сарындағы шығармаларды көбірек орындауға тырысамын.

Өңіріміздің 13 ауданынан келген үздік орындаушылар сахна төрінде туған жер, ерлік, ана тақырыбындағы әндерді шырқады. “Ана туралы баллада” әні орындалғанда көрермендердің жанарына еріксіз жас үйрілді.

Іс-шара соңында патриоттық бағыттағы шағармаларды жастарға насихаттап жүрген әншілердің бәріне диплом мен бағалы сыйлық үлестірілді.

Берик Касен.