Билік

Өңір жетекшісі азаматтарды қабылдады

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі

– Мы сейчас изучим этот вопрос. Понадобится время. Мы должны принять решение и после этого сделать мемориальную доску. Также провести опрос жителей и получить письменное согласие.

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасына өзінің мұң-мұқтажын Қабден ақсақал да айта келіпті. Ол Қызылжар ауданына қарасты Тепличное селосында тұрады. Өкінішке қарай, осыдан бірнеше ай бұрын баспанасы өртеніп кеткен. Жалғыз ұл-келінінен басқа жанашыры жоқ ол, өңір басшысынан үйін қалпына келтіруге жәрдемдесуді сұрай келіпті.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі

– Қазір мынау, 150 мың бөлінеді. Соны енді дұрыс жұмсап, оны салу керек енді. Бұл – шешілген жағдай.

Айта-айта әбден жауыр болған өзекті мәселелердің бірі – саяжайлардың су астында қалуы. «Спутник-1» бағбандар қоғамының жетекшілігі өңір жетекшісінен осы мәселені шешуді өтініп отыр.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі

– Я поручаю акиму, он создаст комиссию, но сейчас он примет меры для того, чтобы поставить насосы. Откачайте.

«Күн батареялары» – бұл жерлес Михаил Щербаковтың ойлап тапқан құрылғысы. Қазіргі таңда жобасы 80 пайызға орындалған. Бірақ, құрылғыны толық аяқтап, қолданысқа енгізу үшін 3 млн ресей рублі қажет екен. Өйткені, батареяларды көршілес мемлекеттегі кәсіпорындардың бірі ғана жасай алатын көрінеді. Михаил Щербаков өңір жетекшісіне өнертабысының қалай жұмыс істейтінін көрсетіп берді.

– Дают тепло, а летом если не надо поворачиваются и отражают.

– Ерік Сұлтанов: “В любом случае вы попадете в РКС. Он рассмотрит и доложат мне”.

Бұдан өзге бүгінгі қабылдауға 5 адам келіп, көмек қолын созуды сұрады. Айтылған мәселелер облыс әкімінің бақылауында алынып, жуық арада шешімін таппақ.

Данаш Хамзина.