Денсаулық сақтау

Облыстық балалар ауруханасы жаңа қондырғылармен толығуда

Абзал Бөлекбаев – Облыстық балалар ауруханасының лор бөлімшесінің меңгерушісі

– Бұның ең жақсы жері біз не жасап жатқанымызды көре аламыз. Ал бұрын ондай мүмкіндік болмайтын. Соның арқасында аурудың қайталануы қысқарды.

Мұрынның ішінде пайда болған ісік тыныс жолдарын жауып, адамның дем алуын қиындатады. Балалар арасында бұндай дерт 5 пен 10 жас аралығындағыларда көп кездеседі. Осындай ауруға 13 жастағы Дильназ Құсайынова да тап болыпты. Аққайың ауданынан келген науқасқа 15-ші мамыр ота жасалған. Қазір жағдайым жақсарды дейді.

Дильназ Құсайынова

– Маған дәрігер мұрнымның ішінде ет өсіп жатыр, ота жасау керек деді. Мен қорықтым. Бірақ денсаулығым үшін келістім. Қазір барлығы жақсы. Алғысымды айтамын.

Бейнеэндоскопиялық қондырғыны емдеу мекемесі 1,5 ай бұрын алған. Бұл аппараттың құны 2 млн теңге. Оның көмегімен ақ халаттылар 18 ота жасапты.

 

Риат Шони.