МТРА жаңалықтары

Құтқарушылар кезекті рейдтік шара өткізді

Камиль Мухтаров

– Мен қауіпсіздік ережелерін білемін. Көп жағдайда ішімдік ішкен адамдар суға кетіп жатады. Жаңалықтардан жиі сондай ақпаратты естимін. Сондықтан ішімдік ішіп, ешқашан жағажайға келмеймін. Көктемгі су тасқыны кезінде балық аулауға мүлде шықпайтынмын.

Құтқарушылармен біз де біраз жүрдік. Балықшылар шынымен де ескертулерден кейін, резеңке және қолдан жасалған қайықтармен су бетіне шығуын доғарды ма, әлде біздерді көріп жасырынды ма, әйтеуір кездеспеді. Десе де, құтқарушылар судың қателікті кешірмейтіндігін ескертеді.

Сергей Черкасов- СҚО ТЖД суда құтқару станциясының бастығы, құтқарушы

– Суда жүргенде абай болған жөн. Қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Әсіресе, резеңке не қолдан жасалған қайықтармен балықшылар су бетіне көптеп шығады. Кейде су жағасында адамдар көптеп жүреді. Оқыс оқиға болып, олар құлап кетуі мүмкін. Сондықтан абай болған дұрыс.

Құтқарушылар мұндай рейдтік шараларды үнемі өткізіп тұрады. Десе де, сақтық шараларын тұрғындардың өздері де ұмытпағаны абзал. Өйткені жыл басынан бері терең су 3 солтүстікқазақстандықтың өмірін жалмаған.

 

Магжан Ахмадина.