Білім

Петропавлда жас инспекторлар байқауы 25 рет өтті

Полина Синягина, Петропавл қаласы № 23 орта мектептің «Лидерлер» командасының капитаны,

 

– Біз жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Енді сайыстың облыстық кезеңіне дайындаламыз. Бұл біз үшін қызықты әрі маңызды байқау.

Ал С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия оқушыларының қыркүйек айынынан бері жүргізген дайындықтары да зая кеткен жоқ. Олардың “Бағдаршам” деп аталған командасының топ басшысы Азамат Шомпиев капитандар сайысынан 1-ші орынды қанжығалады. Ал жалпы есепте үшінші орынды иеленген гимназистер полиция қызметкерлері мен демеушілер ұсынған бағалы сыйлықтар мен дипломға ие болды.

Азамат Шомпиев, Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы

– Капитандар сайысы қиын болған жоқ. Біз қыркүйек айынан дайындалдық. Сондық тан да үздік үштікке ендік. Сайыс өте ұнада, әсіресе веложарыс.

«Қауіпсіз дөңгелек» атты жол қозғалысының жас инспекторлары арасындағы байқауды тәртіп сақшылары биыл 25-ші рет өткізіп отыр.

Шәмшиден Ақышев, – Петропавл қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары.

– Бүгінгі шараны мерейтой деп атап өтсем болады. Себебі 25-ші рет өткізіліп отыр. Соған сәйкес қатысқан командалардың саны да 25. Байқауды әдейі жазғы демалыстың алдында өткіземіз. Себебі 3 айлық демалыста олар жол ережесі мен қауіпсіздігін ұстануы тиіс.

Екі жыл қатарынан жеңімпаз атанған 23-ші мектептің жас инспекторлары маусым айында өтетін облыстық сында шаһар намысын қорғайтын болады.

Акбопе Танирберген.