Мәдениет

Петропавл сахнасында татар әншісі Ренат Ибрагимов өнер көрсетті

Баритон дауыстың иесі 2 сағат ішінде 30-дан астам әнді орындады. Жиылған жұрт Ибрагимовтың әндері біздің балалық шағымызды еске салды дейді. Тыңдармандар арасында өнер иесінің жерлестері де бар.

Баян Жұмадиева

 

– Ренат Ибрагимов менің жерлесім. Мен Ресейден келгенмін. Сондықтан әдейі келдім. Тағы бір естіп көрейін деп.

Алла Химич

– Ренат Ибрагимов көптің кумирі ғой. Оның өлеңдерін жас кезімізден білеміз. Бүгінгі концертіне мен қуана-қуана келдім.

Роза Мұстафина

– Мен оның концертіне бірінші рет келіп отрымын. Ренат Ибрагимовты кішкентайымнан танимын. Біз оның өлеңдерінде өстік қой. Дауысы да ерекше.

Аталмыш концерт аясында Ренат Ибрагимов ән салып қана қоймай, солтүстікқазақстандық тыңдармандар үшін бірнеше тақырыпта өлең де оқып берді. Солардың бірі – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған “Я слушаю отцовские пластинки” деп аталды.

2 сағат үзіліссіз жанды дауыста ән айтқан Ренат Ибрагимов көрермендерімен әзілдесуді де ұмыт қалдырмады. Арасында билеп те үлгерді. Өнер иесі петропалдықтарға келесі келгенде қазақ тілінде ән орындаймын деп уәде берді. Татар әншісін құрметтеген халықтың ықыласында шек жоқ. Жиылған жұрттың алақаны тіпті шапалақ ұрудан да талмады.

Ренат Ибрагимов – Татарстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Халық әртісі

 

– Бұл менің Петропавл сахнасында алғашқы өнер көрсетуім емес. Бұған дейін мен 4-5 рет келіп кеткенмін. Халық мені үнемі жылы ықыласпен қарсы алады. Концертімді «мына соңғы әнім» дегенді бірнеше айтқаннан кейін ғана аяқтаймын. Сахнадан әзер жібереді. Бұл өнерімнің бағалануы деп білем.

Петропавлдықтарға дән риза болған әнші Солтүстік Қазақстанға тағы да келу жоспарда бар дейді.