Ауыл шаруашылығы

Көктемгі дала жұмыстары жалғасуда

Қажетті техника мен тұқым қоры жеткілікті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 18 мамырға берген ақпаратына сүйенсек, өңір аграрийлері 237 мың га жерде егіс жұмыстарын жүргізген. Соның 126,9 мың га алқабы , яғни 3,9 пайызына ырыс дәні сіңіріліпті. Әзірге өзгелерге қарағанда Ақжар ауданының диқандары белсенділік танытуда. Олар тиісті алқаптың 10,5 пайызында тиісті шаруаларды тындырған. Бұл көштен қызылжар және шал ақындықтар да қалыс қалмауда. Бұдан бөлек, облыста майлы дақылдарды егу шаралары да жүргізілуде. 76,3 мың га алқапта жұмыстар жүргізіліпті. Бұл ретте Қызылжар ауданының шаруалары көш бастап тұр. Олар тиісті алқаптың 23, айыртаулықтар- 19, есілдіктер болса- 18 пайызына сіңіріпті. Бүгіндері көкөніс отырғызу жұмыстары да қолға алынған.

 

Магжан Ахмадина.