МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Болашақ қуаты – Қазақстан қолында» форумы өтті

Анна Филонова -№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің оқушысы

– Біз сіздердің назарларыңызға 3Д форматында жасалған Астана қаласының шағын ауданын ұсынып отырмыз. Жобаның өзгелерден ерекшелігі – Энерготиімді қала болғандығында. Бұл жердегі ғимараттарға күн батареялары орнатылған. Яғни, күн мен жел әсерінен пайда болатын қуатты жинайды.

Республика бойынша осындай ауқымды шараны өткізушілердің қатарын бастап тұрған әзірге тек Петропавл қаласы ғана ,-дейді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бас менеджері Нұргүл Алипинова

Нұргүл Алипинова – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бас менеджері

– Мұндай игі шараларға «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы да ат салысуда. Біздің басты мақсатымыз – оқушылар мен ұстаздарды ЭКСПО көрмесіне тартуФорумның өткізілу деңгейі жоғары. Петропавл қаласы Қазақстан бойынша бірінші рет осындай форум өткізді. Соған біз өте қуанштымыз. Республикамыздың өзге қалалары Петропалдан үлгі алады деген ойдамыз.

Бұл жерге келген ұстаздар қауымы да бос жүрмеді. Бүгін 150-ге жуық мұғалім әріптестерімен тәжірибе алмасты. Оларға арналған 3 шеберлік сыныбы жұмыс жасады. Солардың бірінде Ақмола облысынан келген Татьяна Немцан өз білгенімен бөлісті.

Татьяна Немцан – Вячеслав орта мектебінің директоры, Ақмола облысы

– Мен әріптестеріммен бүгін жасыл технологияны қалай тиімді пайдалануға болатындығын және елімізге экономикалық пайда келтіру туралы айтамын.

Петропавлдық ұйымдастырушылар 5 ай ішінде 10 байқау өткізді. Жарысқа 1000-ға жуық оқушы қатысты. Біздің қаламызда аталмыш шараны өткізу дәстүрге айналмақ ,- дейді Петропавл қалалық білім бөлімінің жетекшісі Гүлмира Каримова.

Гүлмира Каримова – Петропавл қалалық білім бөлімінің жетекшісі

– Бұл үлкен шараны біз жыл сайын ұйымдастырамыз деп шешті. Бұл бастамамызды Астана ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясы да қолдап отыр.

Бүгінгі шараның 72 жеңімпазы дипломмен марапатталып, түрлі бағалы сыйлықтардың иесі атанды.

Айгерім Ержанов.