Ауыл шаруашылығы

Мамлют ауданында 131 300 га. бидай себілмекші

Біржан Шарипов, “Воскресеновка” ЖШС бас агорономы, Мамлют ауданы

– Оның бидай 2500 Га. арпа 200 Га. 300 сұлы, қалғаны арпаға 200 қарастырылған. Омбылық 36 1200 Га. Омбылық 800 Астана 800, Сұлы “Мирный” сорт. тұқымдары бар. дәріленген. 17-сі күні себуді жоспарлап отырмыз. Тұқымды еш жерден алған жоқпыз. Бәрін өзіміз дайындадық. Тексерістен өткізілген, Артылғанын өзге шару қожалықтарына саттық.

“Воскресеновка” ЖШС-гінің бас агрономы биыл егіннің шығымдылығы былтырғыдам еш кем түспейді деген ойда. Өткен жылы олар гектарынан 16 центнер өнім жинапты.

Біржан Шарипов, “Воскресеновка” ЖШС бас агорономы, Мамлют ауданы

– Жанар-жағармай толық жеткілікті, жерде ылғал көп. 1-ші, 2-ші сұрыпты тұқым бар. Ауа-райы жақсы болса, уақытында сеуіп, сәйкесінше, жоғары өнімді бидай жинап аламыз деген ойдамын.

Биыл Мамлют ауданында да астық тапшылығы сезілді. Аграрилер оның орнын толтыру үшін Ресейден омбылық 35 және 36-шы сұрыпты 400 тонна бидай тұқымын алдыртыпты.

Василий Лисичкин, Мамлют аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі жетекшісінің орынбасары

 

– Аудан диқандары биыл 164 700 Га егіс алқабына дән сіңірмекші. Оның ішінде 131 300 Га-ры бидайға тиесілі. 26 200 Гектарға майлық дақылдар. 1000 гектарға картоп, 6030 гектар жерге бір жылдық, көп жылдық шөптер отырғызылады. Биыл 24 кешен мен 770 тұқым сепкіш агрегат алқапқа шығарылады. Тұқым қоры жетеді. Олар дәріленді. Осы күні ауданда жоғары сұрыпты тұқым өңдейтін 4 шаруашылық бар.

Мамлют ауданында егін себумен айналысатын 250 шаруашылық бар. Кейбірі, көп жылдық шөптер мен майлы дақылдардың кей түрін жерге сіңіруге кірісіп кетті. Ал, бидай сәтін салса, үстіміздегі айдың ортасында отырғзыла бастайды. Агроқұрылымдар ол жұмысты мамыр айының соғына дейін толығымен аяқтауды жоспарлауда.

Берик Касен.