МТРА жаңалықтары

Петропавлда гүл көшеттерін отырғызу басталды))

Антанина Сулеин – “Коммунхоз-Петропавл” ЖШС бригадирі

– Қаламызда гүл отырғызу науқаны мамыр айының бесінен басталды. Қазір жұмыс қызды. Көбіне петуния гүлін отырғызудамыз. Олардың түсі де сорттары да әр түрлі. Сонымен қатар, гүлдердің алисум, колиус, тагетис түрлерін де егеміз. Бұл жұмыстарды біз қала тұрғындарын қуанту үшін жасап жатырмыз.

Қазіргі таңда қаламыздағы 2 мың шаршы метр гүлзарларға 80 мың гүл көшеті отырғызылып үлгерді. Мамандар оларға күтімді күнделікті жасайды. Қала тұрғындарына көктеммен берге құлпырған қаланың көркі ұнап жатыр.

– Гүлдер әдемі. Жайқалып өсе берсін. Петропавл жайнай берсін

– Маған өте ұнайды. Гүл өсіп жатқан жерде жүрідің өзі тамаша. Әдемі

Көктемгі гүл отырғызу жұмыстарына “Коммунхоз Петропавл” ЖШС-нен 30 адам жұмылдырылған. Гүл егу науқаны шаһарда тамыз айына дейін жалғаспақ.

Айгерім Ержанова.