Қоғам

Мемлекеттік тілден мамандардың білімдері сыналды

Жасұлан Қаратеміров -мемлекеттік тілді дамыту басқармасының аға сарапшысы

– Жалпы бұд тест 2011 жылдан ауқымды түрде өтіп жатыр. СҚО біз осымен 4-ші мәрте кенліп отырмыз. Тест тапсырмалары 150 тапсырмадан тұрады.

Жалпы тестілеуге 2 сағат 30 минут уақыт берілген. Бүгінгі сынақта 600-ге жуық мемлекеттік және азаматтық қызметші тестілеуден өтеді. Солардың бірі – қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң инспекторы Гүлжан Мұқашева. Ол бұл сынақта жақсы нәтиже көрсететініне сенімді.

Гүлжан Мұқашева – СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң провация қызметі бөлімінің инспекторы

– Қазақ тілі бізде жұмасына екі рет өткізіледі. Менің ойымша тесті барлығымыз жақсы тапсырамыз. Қазақ тілі – мемлекеттік тіліміз ғой. Бәрін жақсы тапсырамын деген ойдамын.

Дәстүрге айналған тестілеуге қатысушылар жақсы нәтиже көрсетуде. Айту керек, КАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан сынақ қорытындысы тапсырушылардың қызметіне еш әсерін тигізбейді,- дейді ұйымдастырушылар. Бұл мәліметтер тек еліміздегі азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауда қолданылмақ. Аталмыш тестілеу Солтүстік Қазақстан облысында мамырдың он алтысына дейін жалғасады.

Айгерім Ержанова.