Теріскейліктер Отан үшін жанын берген боздақтарды еске алды

Билік

14:45 8 Мамыр 2015

Бұдан кейін қызыл қалампыр ұстаған ҰОС қатысушылары, тыл еңбеккерлері , қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер мен жастар легі ұзын-сонар кезек құрды. Жиналған жұрты бейбіт күнге жетпеген боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Тәуелсіздіктің шуақты күндерін көрген Ұлы мейрамның бас қаһармандарының қатары күн санап сиреп барады. Өңірдегі көзі тірі көнекөз майдангерлердің бірі Василий Макиенко. 43 жылы 17 жасар бозбала Белорусь елін азат етуге қатысқан. Бүгінде 90-ға аяқ басқан қарт майдангер кеудесі ерліктерінен сыр шертер орден, медальдармен көмкерілген.

Василий Макиенко, ҰОС ардагері

– Қарулас жауынгерлерді еске алу үшін осы ескерткішке жылда келіп тұрамын. Ол соғыста ұлтқа бөлінбей бәріміз Жеңіс үшін жанымызды аямай жаумен шайқастық. Соның арқасында фашистерді айқын жеңдік. Бүгінгінің жастары ұлттар арасындағы татулық пен бейбітшілікті қастерлеп, бағаласа деген тілегім бар. Аспанымызда бұлт ешқашан үйірілмесін. Бақытты болыңдар!

Білімді де жігерлі тәуелсіз ел жастарының тілегі бір-ардагерлер сыйлаған бейбітшілікті көздің қарашығындай сақтап еліміздің гүлденуіне үлес қосу.

– Біз аталарымыздың ерлігін ұмытпай, оларға әрқашан құрмет көрсетіп жүруіміз керек.

– Өзімнің балаларым олдан әріі бейбіт өмірде күн кешу үшін жанымды аямаймын.

Берик Касен.

Бұдан әрі оқыңыз