МТРА жаңалықтары

Соғыс жылдары еңбек еткен балалар ел ағасына айналды

Борис Захаров, еңбек ардагері

– Қазір бұл зауыт “Мұнаймаш” деп аталды. Мен бұл кәсіпорынға 1943 жылы 14 жасымда жұмысқа орналастым. Сол кез әлі есімде, тәулігіне 12 сағат білдектің алдында тұратынбыз. Кейде адам саны жетпегенде 3 тәулік бойы зауыттың ішінен шықпайтынбыз. Маған тамақты анам үйден әкеліп беретін. Осылай ауыр жұмыста шыңдалып мен қарапайым темір ұстасынан учаске бастығына дейін көтерілдім. Зауытта 50 жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шықтым.

2-ші дүниежүзілік соғыс жылдары бұл зауытта бір мыңға жуық адам еңбек еткен. Бүгінде олардың қатары сиреп барады. Кейбірі жүріп-тұрудан қалған. Сондықтан “Мұнаймаш” АҚ ұжымы оларды әр мерекеде үйлеріне барып құттықтайды екен.

Сергей Григоренко, “Мұнаймаш” АҚ басқарма төрағасы

 

– Біз бүгінде көзі тірі қарттарымызды сыйлап, құрметтеп мемлекеттік мерекелерде қал-жағдайларын біліп, үйлеріне барып тұрамыз. Осы күні 470 қарияға соғып, елеулі мерейтоймен құттықтадық.

Сондай-ақ. кәсіпорын басшылығы жеңісті жақындатуға үлес қосқан қарияларды шақыртып, оларға арнайы концерт ұйымдастырып тұрады.

Осылайша, ән-жырдан шашу шашқан зауыт ұжымы және олардың балалары қазыналы қарттарға құрмет көрсетті. Концерт соңында меймандарға дастархан жайылып, ақшалай сыйлық үлестірілді.

Берик Касен.