Балалар

Мамырдың 8-і Халықаралық Қызыл ай қоғамы күні

Нұржан Конопьянов – ерікті

– Бұл ұйым туралы бұрыннан естігенмін. Өз басым ерікті ретінде мұнда курстас досымның шақыруымен келдім. Қайырымды іс жасау мен үшін құрмет, мұқтаж жандарға қол ұшыңды созып, олардың алғысын аласың.

Сонымен бірге, “Қызыл ай” қоғамында үстіміздегі жылдың наурыз айында еріктілер үшін халықаралық тренинг ұйымдастырылды. Дәл бүгін арнайы курстан сүрінбей өткен тыңдаушылар серификатқа ие болды. Осылайша, олар алғашқы медициналық жәрдем жасау тәсілдерін басқаларға үйрету құқығын алды. Араларында, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары да бар.

Қайрат Садықов – СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкері

– Алған біліктілігіміз арқылы қиын жағдайға түскен адамдарға есінен танған кезде осы өмір мен ажалдың алдында тұрғандарға біз олардың өмірін сақтауға өзіміздің көмегімізді тигіземіз деп ойлаймын.

Қоғамдық ұйымның басты мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға жәрдем жасау. Бірінші кезекте, үй-күйі жоқ, жалғызбасты жерлестерімізге қамқорлық көрсетіледі.

Сәуле Оразова – ” ҚР Қызыл Ай” ҚБ СҚОФ төрайымы

– Бізге наурыз айында “ҚР Қызыл Ай қоғамы” ҚБ ұлттық жаттықтырушысы Антон Шершнев келіп, семинар-тренинг өткізген болатын. Оқу курсынан өтуге осы жолы 12 ерікті тілек білдірді. Бүгін мерекеге орай курс тыңдаушыларына арнайы төлқұжат табыстап жатырмыз.

 

 

Бакыт Садуакасов.