Ауыл шаруашылығы

Қазақстандық аграрийлерге көктемгі дала жұмыстарына ел қазынасынан 7,5 миллиард теңге бағытталды

Рустам Жанатаев , “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” ҰК” АҚ СҚО өкілдігінің директоры

– “Форвордтық сатып алу” бағдарламасы бойынша ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне гектарына 6 мың теңге төленді. Олар мемлекеттен алған қарызын бидаймен қайтарады. 3-сұрыпты бидайдың бағасы күзде белгілі болады. Айта кетейін, өнімнің құны нарықтың бағасымен теңестіріледі”.

“Форвордтық сатып алу” бағдарламасына ілікпей қалған қазақстандық аграрилерге “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” ҰК” басқа қаржыландыру тетігін ұсынып отыр. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 3,5 млрд. тг. бағытталды. Мұнда қарызды беру шарты басқаша. Яғни, ауылшаруашылығы тауарөндірушілері несие алу үшін 2-ші деңгейлі банктің кепілдігін ұсынуы қажет.

Рустам Жанатаев , “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” ҰК” АҚ СҚО өкілдігінің директоры

– Бұл бағыт бойынша да өңір диқандары қарызын 3 сұрыпты бидаймен қайтарады. Егер күзде бидайдың құны 20 мың теңгеден жоғары болса, онда азық-түлік келісім-шарт корпорациясы өнімді тапсырушыға үстеме ақы төлейді.

Айта кету қажет, өңір аграрийлері қарызды үстіміздегі жылдың қараша айына дейін қайтаруы тиіс.

Берик Касен.