МТРА жаңалықтары

Петропавлда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған фестиваль өтті

Бүгін Виолетта Ситкина “Дружные ребята” би ұжымының құрамында алғаш рет өнер көрстеуде. Олар бұл биді аз ғана уақыттың ішінде дайындаған екен.

 

Виолетта Ситкина – “Дружные ребята” би ансамблінің бишісі  

– Біз бұл би арқылы, сол кездегі сұрапыл соғыстың көрінісін көрсетуге тырыстық. Әр көрерменге ата, әжелеріміздің ауыртпашылық сезімін жеткізу қиынға соқты. Бірақ, биге жан тәнімізбен беріліп, туындыны жоғары дәрежеде көрсете алдық деген ойдамыз.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткен концертте өңіріміздің түкпір-түкпірнен келген ұжымдар – бишілер мен әншілер ат салысты. Бұл фестиваль арқылы ұйымдастырушылар жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық сезімін шыңдап, ағае буын өкілдеріне құрмет көрсетуді көздеген.

Күлпәш Қалғожина – СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары

– “Салют, жеңіс” атты фестивалдьдің ашылуымен барлық қатысуышларды құттықтаймын. Бұл шараның басты мақсаты жастардың отанға деген сүіспеншілігін арттырып, саяси мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Концерт соғыс тақырыбына арналған көрмемен жалғасын тапты. Балалардың өз қолымен жасаған түрлі ойыншықтары мен салған суреттері көрермендердің көзайымына айналды.

Сагыныш Маркашева.