МТРА жаңалықтары

Мамыр айы жауын-шашынды болмақ

Татьяна Марьина – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі

–  Бірінші онкүндіктің екінші жартысында күндіз ауа температурасы +23+28- градустан +15+20 градус жылыға дейін төмендейді. Түнде сынап бағанасы +5+10 градусты көрсетеді. Екінші онкүндікте ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Кейбір жерлерде 0-2 градус суық болмақ.

Тарихқа көз жүгіртсек, ең жоғары температура +37,2градус 1980 жылы мамырдың 24-інде тіркелсе, 1946 жылыдың екінші мамырында сынап бағанасы -8 градусқа дейін түсіп кеткен. Ал биылғы жылдың мамыр айы әзірше петропавлдықтардың көңілінен шығуда.

–  Бүгінгі ауа райы тамаша. Баламен қыдыруға жақсы. Біздің де, балалардың да көңіл-күйі көтеріңкі.

– Ауа райы сондай керемет. 9-шы мамыр да осындай күн болса екен дейміз. Бірақ болжам бойынша күн райы әлі де өзгеретін сияқты.

Гидрометеорология орталығының мамандары солтүстікқазақстандықтарға жүрген жерлерінде қолшатырларын ұмытпауға кеңес береді. Әсіресе, мереке күндері жауын-шашынды болады, -дейді олар.

Татьяна Марьина – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі

– Мереке күндері біз солтүстікқазақстандықтарға қол шатыр алып жүруді ескерткіміз келеді. Себебі бұл күндері жел күшейіп, жаңбыр жауады. Кей күндері ауа температурасы тек +10+15 градусқа дейін жылынады.

Айдың аяғында солтүстік өңірдің кейбір аймақтарында бұршақ жауады деп күтілуде. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Айгерім Ержанова.