МТРА жаңалықтары

СҚО-да 2 балықшы суға кетті

Өңірде, сондай-ақ, өткен жұмада 29 өрт тіркелді. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің хабарлауынша, көліктер, жайылымдар, жер үйлер мен пәтерлер отқа оранған. Мәселен, Петропавл қаласында Тоқсан би көшесінде орналасқан көп қабатты үйдегі 2 бөлмелі пәерді қызыл жалын шарпып, төсек-орын өртеніп кетті. №1-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері пәтер иесін құтқарып, подъезден 10 адамды эвакуациялаған. Олардың арасында бір бала бар. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда оқыс оқиғаның шығу себебі анықталуда. Өткен жұмада тіркелген өрттердің басым көпшілігі отты абайсыз пайдалану салдарынан туындаған деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Сагыныш Маркашева.