Қоғам

Петропавлда үнді тауарларының көрмесі өтуде

Солардың бірі – қала тұрғыны Ерік Ғазизов. Жәрмеңкеге үндінің хош иісті
жапырақты шайын сатып алу үшін келген. Ұйымдастарушылар тұрғындарға бұл жолы шайдың 15 түрін ұсынып отыр.

Ерік Ғазизов.

-Мен өткен жолғы көрмеде үнді шайын алған болатынмын Отбасымызға ұнады. Бағасы да тиімді. Сондықтан бүгін дәмі тіл үйіретін шайды сатып алу үшін тағы да келіп отырмын.

Ал залдағы жарқыраған әшекейлер көздің жауын алады. Аталмыш көрмеге тастың 150 шақты түрінен жасалған бұйымдар әкелінді. Олардың әсемдігімен, адам денсаулығына пайдасы да бар көрінеді.
Ал мына зат қоладан құйылған. Көзге бірден түсе қоймағанымен, адамға ерекше көңіл сыйлайды дейді үндістандық азамат Хеманг Рауль.

Хеманг Рауль – көрме ұйымдастырушысы.

-Бұл медитация жасауға арналған ыдыс. Одан шығатын дыбыс адам ағзасын тыныштандырады. Қан айналымын да жақсартады.

Көрме ұйымдастырушылары бұған дейін еліміздің Теміртау, Көкшетау, Қарағанды, Балқаш, Степногорск қалаларында болған. Петропавлға олар осымен екінші рет келіп отыр.

Хеманг Рауль.

 

-Біздің мақсатымыз – адамдарға халқымыздың мәдениетін таныстыру. Солтүстікқазақстандықтардың назарына түрлі тастар, емдік қасиеті бар шөптер мен майлар, табиғи дәмдеуіштер мен опа-далаптар ұсынып отырмыз. Сонымен қатар, үнді халқының киімдерін де әкелдік.

Үнді тауарларының көрмесі облыс орталығында мамырдың 11-іне дейін жұмыс істейді.

Айгерім Ержанова.