Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірде ауыл шаруашылығына қажетті техникалар жасайтын зауыттың құрылысы жүруде

Жуық арада бұл жерде ауыл шаруашылығына қажетті комбаиндар мен түрлі техника құрастырылатын болады. Зауыт іске қосылғанда 170-ке жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Бүгіндері солардың 20-ға жуығы Еуропаға барып, арнайы оқудан өтіп келген.

Сәбит Шәкенов- «Казтехмаш» машина жасау зауыты”ЖШС бас директоры.

– Сол жерде тәжірибе жинақтады. Қазіргі күні мамандар дайын. Қосымша бөлшектер келген кезде, құрастыру цехы жұмыс істегенде еуропалық серіктестерімзден мамандар келіп бізге көмек көрсетеді. Өйткені, бұл сала оларда дамығандығын барлығы біледі.

Жобаға құйылған инвестиция көлемі 2 млрд теңгеден асады. Кәсіпорын алдағы уақытта толық қарқында жұмыс істеген жағдайда мұнда жылына 2 мыңға жуық түрлі техника шығарылатын болады.


 

Магжан Ахмадина.