Таблодағы есеп: 0-0. Осы қарқында қос команда 15 минуттық үзіліске тарады.
-Бірінші таймда қауіпті сәттер көп болды. Бірақ өкінішке орай гол көре алмадық.
-Мен “Байқоңыр” командасына қолдау көрсетіп отырмын. Олар жеңіске жетеді.
-Екінші таймда “Қызыл-Жар СК” шабуылына қарқын қосып, гол соғады деген үміттемін.
-Кездесудің екінші жартысында қызылордалықтар гол соғып, жеңіске жетеді деп сенемін.
Екінші тайм басталысымен жерлес жаттықтырушы Владимир Фомичевтің шәкірттері жаңа қарқынмен шабуылдарын бастады. Бапкердің үзілісте берген кеңесі 65-минутта іске асты. Қорғаушылардан сытылып шыққан Хасан Абдукаримов бұл кездесудегі алғашқы голды соқты.
Қызылордалықтар жіберген еселерін қайтарғылары келгенімен оларынан түк шыққан жоқ. “Сен соқпасаң, саған соғады” қағидасын ұстанған теріскейлік футболшылар 86-шы минутта ойынға тыңнан қосылған Эльмар Набиевтің арқасында есепті еселей түсті.
Осы қарқында тартысты ойын өз аяғына жетті. Есеп 2-0 нәтижесімен “Қызыл-Жар СК”-ның пайдасына шешілді.
Хасан Абдукаримов – “Қызыл-Жар СК” ФК жартылай қорғаушысы.
-Біз ойынның басынан-ақ жеңуді мақсат еттік. Алғашқы таймда гол соғамыз деп үміттенген едік. Бірақ, қарсылас команданың қорғаушылары мықты болды. Үзілісте бапкеріміз пайдалы кеңестер айтып, оны екінші таймда жүзеге асырдық. Өзім гол соққаныма қуаныштымын. Қызылордалықтарға тартысты ойын үшін алғысымды білдіремін.
“Қарасай” стадионындағы кезекті ойын мамырдың 24-і күні өтеді. Онда “Қызыл-Жар СК” командасы қаратаулық “Лашынмен” кезекті үш ұпай үшін тартысқа түседі.
Риат Шони.