Балалар

Петропавлдықтар “Оралу” филмін тамашалады

Кейіпкердің атасы шет елде жүрген немересінің ерте ме, кеш пе келетінін білсе де, шаруашылығын мемлекетке қалдырып отыр. Ал мұрагер болу немересінің ойында да болмаған. Туған жерге атасының қолын алуға, хал-жағдайын білуге келген ол, оның қайтыс болғанын естіген соң ғана, шаруашылыққа иелік етіп, оны сатқысы келеді. Фильмнің соңында ол қайтадан Еуропаға ұшып кетеді. Бірақ, туған жердің ыстығын сезінген бас кейіпкер – Мақсат еліне оралып, отбасын құрады.

Қуаныш Маметов – СҚО Жастар бастамалар орталығы секторының жетекшісі.

-Бұл – патриоттық фильмдердің бірі. Норвегия елінде “Болашақ” бағдарламасы бойынша оқып жүрген студент 10 жыл өткеннен кейін Отанына оралып, жұмысын сонда жалғастыруды шешеді.

Фильм көрерменнің көңілінен шықты.

Татьяна Хасанова.

-Фильм бізге жақсы әсер қалдырды. Онда «Болашақ» бағдарламасының маңыздылығы көрсетілген. Яғни, кез келген студент шетелде оқып, өз арманына қол жеткізе алады.

Мишель Найхель.

 

-Маған да бұл фильм қатты ұнады. Бас кейіпкер мұра үшін ғана келген жоқ. Ол өз елінде жұмыс жасап, өзінің сүйіктісін кезіктірді.

Бұл фильм елімізде биыл наурыз айында көрсетілімге шыққан болатын.

Айгерім Ержанова.