Спорт

Петропавлда шинкиокушинкай каратэден ашық чемпионат өтті

Руслан Сәрсенбаев – СҚО Шинкиокушинкай каратэ федерациясының президенті.

-Жарысқа қатысушылар саны 352. Жарысымыз жоғары деңгекйде өтуде. Өз салмақтарындағы 1,2,3 орын алғандар диплом, куьоктармен марапатталады.

Ашық лигаға 6 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Тартысты кездесулердің бірі ресейлік спортшы мен елордалық Еснұр Тоқановтың арасында өтті.
Каратэмен айналысқанына 3 жылдан астам уақыт болған астаналық жас спортшы осалдық танытпай, тәжірибесінің арқасында қарсыласын тізе бүктірді.

Еснұр Тоқанов- сайысқа қатысушы, Астана қаласы.

 

-Бұл қарсылас мықты болды. Техникасы да жақсы. Соққылары қатты болғанымен, мен берілмедім. Болашақта мен каратэдан әлем чемпионы атанып, жүлделі бірінші орындарға ие болсам деймін. Мен 3 жыл ішінде 11 медаль мен 5 кубок иегері атандым.

Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге димплом және кубоктар табысталды.

Айгерім Ержанова.