Білім

Гуманитарлық-техникалық колледжде ҰОС қатысушыларына арналған мұражай ашылды

Олжас Залелов, Гуманитарлық-техникалық колледжінің 2 курс студенті.

-Біздің оқу орнында бүгін арнайы музей ашалып отыр. Біз үшін майданда етігімен қан кешкен аға-апаларымызды ұмытпауымыз керек. Олардың ерлігін мадақтап, батырлығын мақтан тұтуымыз тиіс.

Мұражайдың сөрелерін колледж ұжымы мен студенттері өз қолдарымен жасаған. Жарылғыш заттардың бөлшектері, тыңшы кездігі, каска – бұлар студенттердің Ресейдің Новгород қаласында жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесі. Мұндағы әр экспонаттың өз тарихы бар.

Алексей Есенеев, Гуманитарлық-техникалық колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы.

-Менің қолымдағы кішкентай күрекше соғыс даласынан табылған. Ол от жағуға арналған ошақтар қазуға арналған.

Мұнда соғыс даласынан табылған құрал-жабдықтардың кішігірім бөлшектерімен қатар қазақ халқының көне тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді де кездестіруге болады. Осылайша, жастарды елге деген патриоттық рухта тәрбиелеуді жөн көрдік дейді оқу орнының директоры Александр Мерк.

Александр Мерк, Гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры.

-Бүгін біздің оқу орнынан кезінде Ұлы Отан соығысына аттанып, кейін оралмаған оқытушылар мен студенттердің естелік мұражайын ашып отырмыз. Бұл бүгінгі ұрпақ үшін өте маңызды. Осы туралы өзімнің “Гуманитарлық-техникалық колледжге – 80 жыл” деп аталатын кітабыма да енгіздім. Қазіргі шәкірттеріміз Жеңісті жақындатқан жандарды ұмытпай, әрдайым есте сақтаулары керек.

Биылғы жыл аталмыш оқу орнының ұжымы үшін тіптен ерекше. Себебі, олар Жеңістің 70 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған Гуманитарлық-техникалық колледждің 80 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр.

 

 

Акбопе Танирберген.