МТРА жаңалықтары

Қазақстан халқының бірлігі күнін курсанттар да атап өтті

Сайдың тасындай сап түзеген сарбаздар өз роталарының намысын қорғап жатқан жолдастарын барынша қолдауда. Өйткені бұл шаңырақта курсанттар ұлт пен ұлысқа бөлінбейді. Жалпы шығармашылық байқауда өнер көрсетіп жатқан конкурсанттар кез-келген тілде ән айтып, әр ұлттың мәдениетін насихаттау қажет. Бұл сайыста екінші оқу ротасының намысын қорғап жүрген Мақсат Зайнулдин мен Айбол Тәжібаев украин халқының махаббатын ерекше көрсетті.

Мақсат Зайнулдин – ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты.

-Біз бұл байқауда украин халқының әнін айтып, ыстық махаббатын көрінспен сахналадық. Осындай шара ұйымдастырып жатқанына мен институт басшылығына алғысымды айтамын.

Жалпы ҚР Ұлттық ұланы әскери институтында Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Тәжікстан, Беларусь, Әзірбайжан сынды елдерден келген курсанттар оқиды. Барлығы тәлім алатын 14 ұлт өкілін бүгінде ынтымақ пен достастық біріктіреді.

Сұлтанмұрат Сидиков – ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты, Тәжікстан Республикасы.

-Біздің институтта 1-ші мамыр жыл сайын дәстүрлі түрде осындай керемт іс-шара ұйымдастырылады. Мұнда ешкім ұлт пен ұлысқа бөлінбейді. Барлығымыз тату-тәтті өмір сүреміз. Менің достарымның арасында қазақ, өзбек, украин, қырғыздар да бар.

Талант Қазыбек – ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты, Қырғызстан Республикасы.

-Қазақ пен қырғыз баяғыдай бір-бірімен дос. Осы жолдастық ары қарай жалғаса берсін.

Болашақ офицерлердің арасында түрлі талант иелері көп. Бірі би билеп өз өнерін ортаға салса, кейбірі ән айтып ротасының намысын қорғауда.

Ал бұл 4 оқу ротасының курсанттары. Олар жиналған жұртты орыс халқының қонақжайлылығымен таныстырып, кесек нанды ұсынды.

Мейіржан Исаков – ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты.

-Орыстардың қонақтарға беретін негізгі асы ол нан мен тұз. Және де пасха мейрамын шағын көрініспен сахналадық.

Сапарғали Қылышбек – ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты.

-Мен бүгін барлық қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтаймын. Барлығының отбасысында береке болсын.

Байқауда әр конкурсанттың ортаға салған өнері көп ұлтты еліміздегі халықтардың татулығы мен ынтымақтастығын насихаттайды. Өйткені, саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

Сағындық Салмұрзин – “Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы” РҚБ СҚОФ басшысы.

-Бүгін әскерилер өте жақсы өнер көрсетіп жатыр. Барлық орындаған әндері мен билері барша халықтың мәдениетін насихаттайды.

Жалпы байқау қорытындысы бойынша сайысқа қатысқан барлық 8 рота бағалы сыйлық және де грамоталармен марапатталды. Ал жарыста екінші батальонның үшінші оқу ротасы жеңіске жетті.

 

 

Риат Шони.