МТРА жаңалықтары

СҚО кәсікерлер палатасында “Прокурор кабинеті” ашылды

Марат Әжібаев, СҚО прокуратурасындағы 1-ші басқарманың аға прокуроры.

-2014 жылдың қараша айынан осы жылдың наурызына дейін кәсіпкерлік нысандарын тексеруге қатысты 200-ден астам заңбұзушылық тіркелді. Кейбір органдар кәсіпкерлерді заңсыз тексерген, бизнеске қатысты емес қайдағы жоқ құжаттарды сұратқан. Осы кезде кейбір іскер жандар құқытарының бұзылғанын түсінбеген де. Сондықтан, біз кәсіпкерлер палатасы жанынан оларға тегін құқықтық кеңестер мен ұсыныстар беретін кабинет аштық. Ол тұрғындарды әр аптаның бейсенбісінде қабылдайды.

“Прокурор кабинетінен” кәсіпкерлер өздеріне қажетті кеңесті алуларына болады. Заңның орындалуын қадағалаушы орган өкілдерінің айтуынша бизнесмендерді нысан салу, жарнама орналастыру сұрақтары көп толғандырады. Ал жеке кәсіпкер – Владимир Комаров 3 жыл бойы жер мәселесін шеше алмай жүр. Оның айтуынша, Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі заңды бұзып, оған жер учаскесін 10 жыл емес 2 жылға беріп отыр.

Владимир Комаров, жеке кәсіпкер.

-2012 жылы Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі маған жер телімін 2 жылға жалға берді. Негізінде ол заң бойынша ұзақ мерзімге, яғни 10 жылға берілу тиіс еді. Мен жерді жалға алу мерзімін 8 жылға ұзарту жөнінде өтініш тастадым. Бірақ олар заңсыз қаулы шығарып, өтінішімді қабылдамай тастады. Мен осы проблеманы арқалап, кеңеске келіп отырмын.

Осы күні “Прокурор кабинетінде” 10-ға жуық кәсіпкер құқықтық сауатылығын арттырып, кеңес алды.

 

 

 

Берик Касен.