Балалар

Петропавлда этноклубтардың байқауы өтті

Биыл Петропавл қаласындағы мектептерде этноклубтар құрылды. Бүгін осы ұйымдар өзара сынға түсуде. Ондағы мақсат – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты тәрбиелеп, әрбір ұлттың тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін зерттеуге қызығушылықтарын арттыру.

Сағындық Салмұрзин.

-19 этноклуб бар мектептерде. Бұл ұйымдар этномәдени жұмыстарды қалыптастырып, біздің 17-ші мектеп сияқты сондай өзінің жұмысын атқарып жатыр. Биыл ғана осы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап 20 мектепте осындай этномәдени клубтар пайда болды.

“Достар” деп аталатын этноклуб №4 орта мектепте де бар. Оның жетекшісі -директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күлдәш Жұмабаева.

Күлдәш Жұмабаева.

-Біздің этноклубқа 19 ұлттың өкілдері кіреді. Оған ата-аналар да, мұғалімдер де қатысады. Көпұлтты мемлекет болған соң жастар бір-біріміздің мәдениетін, тілін білу керек деп ойлаймын.

Мерекелік байқауға қатысқан балалар ұлттық киімдерін киіп, сахнада ән айтты, би биледі. Шара барысында, сондай-ақ, Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында өткен шығарма және сурет сайыстарының жеңімпаздары марапатталды.

 

 

 

Данаш Хамзина.