Мәдениет

Облыстық филармония ұжымы ерекше концерт ұйымдастырды

Мұхит Ахметов – Облыстық филармонияның эстрада-симфониялық оркестрінің әншісі.

-Бүгін Петропавл қаласында ерекше концерт өтіп жатыр. Кеш барысында облыстық филармонияның “Азия саунд” ұжымы мен қаламыздың жұлдыздары, “Автобус” тобы бірлесіп, өнер көрсетуде. Көрермендерге ең танымал әндер орындалуда. Солтүстікқазақстандықтарға мерекелі шарамыз қызық болатынына сенімдімін.

Ал мына “Останусь” атты танымал өлең 2006 жылғы хит. Бұл Ресейлік “Город 312” тобының әні. “Автобус” тобының әншілері Ксения Ходина мен баритон Александр Пашков аталған туындыны тамаша орындады.

Александр Пашков – “Автобус” музыкалық тобының әншісі.

-Біздің репертуарымызда 80-ге жуық өлең бар. Ал, бүгінгі концертте 13-ін орындадық. Әндеріміз әр түрлілігімен ерекешеленді. Көрермендерге тарту еткен туынды шың көңілден шықса, бізде қуанып шаттанамыз.

Ксения Ходина – “Автобус” музыкалық тобының әншісі.

-“Город 312” тобының “Останусь” атты өлеңі қиын әндердің қатарында. Себебі, бұл туындыны орындағанда, көрермендерге әннің ішкі дүниесін ашу қажет.

Бұл кеште тағы Петропавлдық жұлдыздар – “Азия саунд” тобы өз өнерін паш етті. Олардың орындауында, қазақ, орыс, ағылшын тілінде түрлі жылдардың хиттері бар.

Концерттен көрермендер жақсы әсер алып, залдан тамаша көңіл күймен шықты.


 

 

Сагыныш Маркашева.