Спорт

Әйгілі боксшы Жанат Жақиянов әке атанды

Есімі әлемге әйгілі спортшының отбасысында Нұрай есімді қыз бала дүниеге келді. 28-ші сәуір кешке туған сәбидің салмағы 3 келі 650 грамм. Қазір кішкентай бүлдіршін мен оның анасы Алтынай өздерін жақсы сезінеді, бұйыртса перзентханадан үйлеріне қайтпақ. Ал 31 жастағы әкесі өз қызын мамырдың ортасында ғана көре алады. Қазіргі уақытта спортшы Англияда өзінің кезекті кездесуіне дайындалуда. 9-шы мамыр күні Жанат Жақиянов Болгарияда 27-ші жастағы аргентиналық Хэктор Роландо ГУзманға қарсы 12 раундтық жекпе-жек өткізбек.

 

Риат Шони.